Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында нашақорлыққа қарсы күрес айлығының қорытындысы шығарылды

Жамбыл облысында нашақорлыққа қарсы күрес айлығының қорытындысы шығарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған айлық 26 мамырдан 26 маусымға дейін жалғасты.

Бүгінгі таңда Жамбыл облысында 281 есірткі құқық бұзушылығы анықталды, оның ішінде 172 қылмыстық теріс қылық. Заңсыз айналымнан барлығы 2,5 тонна есірткі заттары тәркіленді.

Облыстық ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев атап өткендей, республикалық айлық барысында жамбылдық полицейлер жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп бірқатар профилактикалық іс-шаралар, соның ішінде спорттық, мәдени, қайырымдылық науқандар, семинарлар, кездесулер мен дәрістер өткізді.
Таразда Қ.Рысқұлбеков атындағы саябақта нашақорлыққа қарсы күрес айлығының аяқталуына орайластырылған 2000-ға жуық адамның қатысуымен “Есірткісіз болашақ” кең ауқымды науқаны өтті.
Оған Тараз қаласы әкімінің орынбасары Дәуір Дәулетов, Жамбыл облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Дінмұхамбет Қойториев, қоғам белсенділері мен еріктілер қатысты.
Д.Дәулетов полицейлерге нашақорлықпен күреске қосып жүрген елеулі үлесі үшін алғысын білдірді.

– Нашақорлықтың алдын алу және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес – мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі. Айлық барысында полицейлер облыстық спорт, мәдениет, денсаулық сақтау, білім басқармаларының өкілдерімен, еріктілермен және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп 298 іс-шара өткізді. Осындай кездесулер аудандарда да өтті, – деді Д.Қойториев.

Айлыққа белсенді қатысқаны үшін мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес және ерікті ұйымдардың өкілдері ПД бастығының алғыс хаттарымен марапатталды.
Іс-шараның таңғаларлық қызықты сәттерінің бірі арнайы бөлініс қызметкерлерінің өздерінің кәсіби дағдыларын көрсеткен қойылымдары болды. Тұрғындар облыс ПД кинологиялық қызметі қызметкерлерінің төрт аяқты көмекшілерінің қойылымдарын тамашалады.

Көрші алаңда жасөспірімдер баскетбол, волейбол, тоғызқұмалақтан жарыстарға белсенді қатысты. 

Науқан барысында полицейлер заңсыз айналымнан алынған есірткіні өртеп жіберді. Қала тұрғындары мен қонақтары үшін концерттік бағдарлама әзірленді. Іс-шара соңында саябақта полиция қызметкерлері барлығына балмұздақ таратты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру