Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық ұландар жоғалған сөмкені тауып, иесіне қайтарды

Ұландық жауынгерлер елорда тұрғынына көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

29 тамыз күні кешкісін Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінің әскери қызметшілері қырағылық танытып, қараусыз қалған сөмкені тауып алады.

Сағат 23:10 шамасында қызмет өткеру кезінде «Сарыарқа» ауданында қызметте жүрген әскери жасақ бастығы қатардағы Нұрдәулет Хамитов пен патрульшілер қатардағы Виктор Сенченко мен Руслан Магомадов орындықта тұрған сөмкені көреді. Осыдан кейін олар бұл туралы автомобильдік патрулінің бастығы аға лейтенант Е. Омаровқа баяндады.

Біраз уақыттан кейін әскери жасаққа азаматша келіп, осы аймақта жоғалған сөмкесін тауып беруді сұрайды.

Әскерилер азаматшаның шынымен заттың иесі екеніне көз жеткізіп, сөмкені оның қолына тапсырады.

Әйел әскери қызметті адал және қырағы атқарған ұландықтарға өз алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру