Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық жас полицейлер Ауған соғысының ардагерлерімен кездесті

Елордалық жас полицейлер Ауған соғысының ардагерлерімен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шара Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күніне орайластырылып отыр. Оны Астана қалалық ПД-нің кадр саясаты басқармасының бастығы Арман Жалдығұлов ашты.

– Біз өз борышын абыроймен атқарған интернационалист-жауынгерлердің ерліктері алдында бас иеміз. Бүгінгі таңда Сіздер жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеумен айналысып, алдыңғы қатарда жүрсіздер. Бұл кездесу жас полицейлерге батырлық өткеніміз бен бүгінгі күніміздің байланысын түсінуге көмектеседі, – деді Арман Жалдығұлов.

Жас полицейлер құрметті қонақтармен кездесті, олардың арасында ІІО ардагері, Ауған соғысының қатысушысы, «Айбын» орденінің иегері Қайрат Елубаев және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Құрметті ардагері, Қазақстан Республикасы жергілікті соғыс және ауғанстан ардагерлер одағы басшысының бірінші орынбасары, «Құрмет» орденінің иегері Серік Осанов бар.

Бейбіт өмірдегі соғыс қимылдарына қатысушылар өздерін ішкі істер органдарындағы қызметке арнады. Бүгінгі таңда ішкі істер органдарының 23 ардагері интернационалист-жауынгерлер болып есептелінеді.

Интернационалист-жауынгерлер құқық қорғау органдары қызметкерлерімен Ауғанстанда қызмет еткен жылдардағы естеліктерімен бөлісті, қатал да батыл күнделікті өмірлері туралы әңгімелеп, сол бір алыс, бірақ есте қаларлық жылдардың әрбір күнін қайталағандай, жолдастарын еске алды. Ардагерлер Ауғанстаннан әскерлерді шығарған күн – бұл ауған ардагерлері үшін мереке және қаза тапқан интернационалист-жауынгерлерді еске алу және аза тұту күні екенін ерекше атап өтті.

Жас полиция қызметкерлері ардагерлердің естеліктерін шексіз қуанышпен және шынайы қызығушылықпен тыңдады.

Кездесу соңында полиция қызметкерлері ардагерлерге алғыс айтып, зор денсаулық тіледі. Қонақтар өз кезегінде есте қаларлық оқиғаға арналған іс-шараларды жыл сайын өткізіп жүрген елордалық полиция қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру