Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада тергеу изоляторына көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары келді

Қызылордада тергеу изоляторына көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары келді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қылмыстық атқару саласына қарасты №68 мемлекеттік мекемесіне Қызылорда бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары келді.

Басты мақсат – мемлекеттік қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Келген қонақтарға алдымен мекеме қызметкерлері мекеме ішінде дұрыс жүріп-тұру жайында түсіндірме жұмысын жүргізді.

Яғни, тергеу изоляторының қаупсіздігі аралас мекеме екендігін, мұнда қылмыстық іске қатысты деп танылған (соның ішінде сыбайлас жемқорлық бойынша да) күдіктілер, айыпталушылар, тергеудегіер мен транзиттік тасымалдаудағылар және 5 жылға дейінгі алғашқы рет сотталған азаматтардың қамауда ұсталынатындығын айтылды.

Сондай- ақ, келушілерге таныстарын көрген жағдайда тілдеспей, арақашықтықты сақтап жүру керектігі ескертілді. Изолятордың іші-сыртына камера орнатылған.

Мұнда соқыр аймақ жоқ. Камерадағылар қатаң бақылауда екендігі де сөз етілді. Ішкі тәртіптік режим қадағаланылып отырылады. Егер қамаудағы азаматтар осы режимге бағынбаған жағдайда, тәртіптік шараға тартылатындығы жайлы да айтып түсіндірілді.

Сонан соң, эпидемиолог қызметкерлерге шаруашылық бөліміне қалдырылған сотталғандардың жатаханасы, мекеме асханасы көрсетілді.

Тікен сыммен қоршалған жерлерді көзімен көріп, ондағы ауыр аураны сезінген келуші өз ойымен бөлісті.

– Бұл биік қоршаулы қорғанға кіру үшін алғашқы бекетте жіті тексерістен өттік. Мұндағы бақылаушылардың бірі, тыйым салынған заттардың ішке кіріп кетпеуінің алдын алу мақсатында тексеретіндігін айтып ескертті.

Өз қызметтік міндеттемемелеріне жауапкершілікпен қарағандықтан, арнайы құралдарымен тексеріп, смартфондарымыз бен телефондарды, бағалы заттарымызды тапсыруымызды өтінді. Жеке заттарымыз арнайы ұяшықтарда тұрады екен.

Бұдан соң, ішкі аймаққа кіріп қылмыскерлердің заңды бұзған жағдайда, алда не күтіп тұрғанын көзімізбен көріп, ұсталыну жағдайлары жайлы естіп білдік. Мұнда қоғамнан шектелген азаматтарға жағдай жасалғанмен, бостандықтағыдай болмайтындығын байқадық, сезіндік.

Сондықтан, барша мемлекеттік қызметкерлерді сыбайлас жемқорлық бойынша қылмыс жасамауға шақырамын.

Әрбір қылмыстың өтеуі жаза екендігін ұмытпайық.

Бүгінгідей іс-шаралар парақорлықтың азаюына әсер етеді деп ойлаймын – деді, жоғарыда аты аталған мекемнің жетекші маманы Р.Нұралы

Жауап қалдыру