Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық жігіт туысының үйіне ұрлыққа түскен

Ақмола облысында елордалық жігіт туысының үйіне ұрлыққа түскен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

18 маусымда Целиноград ауданының полиция бөліміне ауылдардың бірінің 53 жастағы тұрғыны 16-17 маусым аралығында белгісіз біреу үйден алтын бұйымдарды: сырғалар, неке сақинасын, алқа және ерлер сақинасын ұрлағаны туралы өтінішпен жүгінді. Келтірілген шығын сомасы 550 мың теңгені құрады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықталды. Ол өтініш берушінің 20 жастағы жиені, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны болып шықты. Жас жігіт туыстарының үйде болмаған сәтін пайдаланып, зергерлік бұйымдарды ұрлаған. Ұрланған мүлікті ломбардқа тапсырып, түскен қаражатты жұмсап үлгерген. Қаскүнемнің айтуынша, ол тұрғын үйді жалға алу үшін төлем жасауда қаржылық қиындықтарға тап болған. Заттай дәлелдемелер тәркіленді.

ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру