Елорданың Байқоңыр ауданында 60-қа жуық есептегі сотталған тексерілді
Елорданың Байқоңыр ауданында 60-қа жуық есептегі сотталған тексерілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖД қарасты Байқоңыр ауданының пробация қызметкерлері аудандық ПБ учаскелік инспекторларымен бірлесе отырып, қоғамнан оқшауламайтын жазаға кесілген сотталғандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Есептегі адам» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде. Іс-шара 6-10 сәуір аралығында өтеді.
Жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында пробация қызметінің есебінде тұрған 60-қа жуық сотталғанның тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркеуде тұрмағандығы жайында тексеріліп, 10-ға жуық хаттама толтырылды.
Сондай-ақ, сотталғандармен профилактикалық әңгімелер жүргізіліп, оларға өздерінің құқықтары мен міндеттері қайта түсіндірілді.