Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елорданың Байқоңыр ауданында 60-қа жуық есептегі сотталған тексерілді

Елорданың Байқоңыр ауданында 60-қа жуық есептегі сотталған тексерілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖД қарасты Байқоңыр ауданының пробация қызметкерлері аудандық ПБ учаскелік инспекторларымен бірлесе отырып, қоғамнан оқшауламайтын жазаға кесілген сотталғандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында “Есептегі адам” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде. Іс-шара 6-10 сәуір аралығында өтеді.

Жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында пробация қызметінің есебінде тұрған 60-қа жуық сотталғанның тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркеуде тұрмағандығы жайында тексеріліп, 10-ға жуық хаттама толтырылды.

Сондай-ақ, сотталғандармен профилактикалық әңгімелер жүргізіліп, оларға өздерінің құқықтары мен міндеттері қайта түсіндірілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру