Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Емханада қызметтік бөлмеден алтын бұйымдарын ұрлаған қызылордалық әйел ұсталды

Емханада қызметтік бөлмеден алтын бұйымдарын ұрлаған қызылордалық әйел ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

27 шілде күні қалалық емханалардың бірінде алтын бұйымдарының ұрланғандығы туралы жергілікті тұрғын Қызылорда қаласы Полиция басқармасына арызданған.

Тексеру барысында жәбірленушінің жұмыс орнындағы қызметтік бөлмесіндегі сөре ішіне халатының қалтасына екі алтын сақиналарын қалдырып кеткен. Қызметтік бөлмеде ешкімнің болмауын пайдаланып, белгісіз біреу алтын бұйымдарды жасырын ұрлап кеткен.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде алтын бұйымдарды ұрлаған 56 жастағы облыс орталығының тұрғыны анықталып, ұсталды. Заттай дәлелдеме ретінде екі сақина алынып, жәбірленушіге қайтарылды.

Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 1-тармағына (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру