Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында мал ұрлығы 22%-ға төмендеді 

Павлодар облысында мал ұрлығы 22%-ға төмендеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысының Полиция департаменті мал ұрлығына қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдауда.

– Өңірдің елді мекендерінде малды еркін жаю жалғасуда. Олардың иелері тарапынан тиісті бақылаудың болмауы мал ұрлығына және жолдарда автокөлік апатына алып келеді. Бүгінгі күні облыста иесіз жайылып жүрген малға арналған 146 айыппұл тұрақтары жұмыс істейді. Ағымдағы жылдың жеті айында 4 601 қараусыз жайылып жүрген малды полиция қызметкерлері арнайы айыппұл тұрағына қамады. Бірінші кезекте бұл мал ұрланбауы үшін жасалады, – деді Павлодар облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Ағымдағы жылдың басынан бері өңірде мал ұрлығының 33 фактісі тіркелді, оның ішінде 31 факті ашылды. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда ағымдағы жылы мал ұрлығы 22%-ға төмендеген.

Жәбірленушілердің полицияға дер кезінде жүгінуі ұрлықты “ізін суытпай” ашуға көмектеседі. Көп жағдайда полиция ұрланған емес, жоғалған жануарларды іздеуге мәжбүр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру