Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Емтихансыз жүргізуші куәлігін алып беремін”: ақтөбелік алаяқ ұсталды

Полиция қызметкерлерімен жүргізуші куәлігін алу үшін көмектесем деген сылтаумен облыстың үш тұрғынын алдап кеткен Мәртөк ауылының тұрғыны ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

29 мамыр күні 1987 жылы туған Мәртөк ауылының тұрғыны бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылған 1971 жылы туған Қурайлы ауылының тұрғынына куәлікті қайтадан алуға көмек көрсету сылтауымен 50 мың теңге көлемінде ақшасын иемденген.

15 маусымда ол қылмыстық іс-әрекетін жалғастырып, тағы бір адамды алдады. Жүргізуші куәлігін емтихан тапсырусыз алуға көмектесемін деген сылтаумен ол Ырғыз ауданының 30 жастағы тұрғынының 52 мың теңге ақшасын алып кеткен.

Күдікті полицияға жеткізілді және жасаған қылмысын мойындады. Күдіктіден ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды.Ақтөбе облысының Полиция департаменті ақтөбеліктерді алаяқтардың құрбаны болмау үшін бейтаныс адамдарға сенбеуге шақырады. Қырағылық танытуға, сондай-ақ құнды заттар немесе ақшаны бейтаныс адамдарға бермеуді ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру