Еңбекші ауданының полицейлері із-түзсіз жоғалған баланы тез арада тауып берді
Еңбекші ауданының полицейлері із-түзсіз жоғалған баланы тез арада тауып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Еңбекші ауданы Полиция басқармасына қала тұрғынынан «102» нөмірі арқылы жасы кәмелетке толмаған немересі тұрғын үйінен далаға ойнауға шығып белгісіз бағытқа кетіп, таппай қалғандығы туралы хабарлама түседі. Еңбекші аудандық Полиция басқармасы қызметкерлерінің жедел іздестіру іс-шаралары барысында баланы дер кезінде тауып, отбасына аман сау жеткізді.
Полицейлер ақпарат алысымен бірден іздестіру жұмыстарына кіріскен. Көрген-білгендерден жауап алып, халық көп шоғырланған аймақтарда сұрастыру жұмыстары жүргізілді. Шымкент қаласы Полиция департаментінің басқармаларына бағытнамалар жіберіліп, тәртіп сақшылары жоғалған баланы тез арада табу мақсатында жедел іздестіру іс-шараларын жүргізген. Нәтижесінде бала 45 минут ішінде табылған.
Өз кезегінде баласының дін-аман табылғанына қуанған әжесі: – Немеремді үйден ойнауға өзім шығарған едім. Өзім іздестіріп таба алмаған соң полиция қызметкелерінен көмек сұрадым. Шымкенттік полицейлер жедел іздестіріп, баламды тауып берді. Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші аудандық Полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторларына алғысым шексіз. Шымкенттік полицейлерге рахметімді айтамын!, – деп ризашылығын білдірді.