Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкент полициясы халықпен тиімді кері байланыс орнатуда

Шымкент полициясы халықпен тиімді кері байланыс орнатуда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 24 ақпанында Шымкент қаласының Полиция департаментінің қызметкерлері әлеуметтік желілерде мониторинг жүргізу барысында инстаграм әлеуметтік желісінде Шымкент қаласындағы Арғынбекова көшесінің бойындағы бағдаршамдардың бірі істемей тұрған бойынша бейнематериал шыққанын байқаған.

Шымкент қаласы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізу барысында трансформатор және жоғары вольтты кабель зақымдануына байланысты аталған бағдаршам істемей тұрғанын анықтады.

Бағдаршам іске қосылғанша аталған орында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында патрульдік полиция полкінің қызметкерлері жұмыс атқаратын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру