Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сарыағаштық полицейлер жүк көлікке заңсыз тас артқандарды анықтады

Сарыағаштық полицейлер жүк көлікке заңсыз тас артқандарды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің табиғатты қорғау тобының инспекторлары рейд жүргізу барысында, Шымкент-Жетісай тас жолы бойынан ауыр жүк көлікті тоқтатты. Содан тәртіп сақшылары тексеру барысында жүргізуші көлігіне заңсыз тас артып алғаны анықталды. Аталған жайтты полицейлер тіркеді. Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 181-бабына (Қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін көрсететін жеткілікті деректер болмаған кезде қылмыстық құқық бұзушылық фактілерін анықтау үшін уәкілетті органдардың ревизиялар мен тексерулер жүргізуін талап ететін арыздар мен хабарлар Сотқа дейінгі тергеп-тексерулерді бірыңғай тізіліміне тіркелместен, уәкілетті мемлекеттік органдарға қарау үшін жіберіледі) сай шешім қабылдау үшін Түркістан облысы бойынша Экология департаментіне жолданған.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері тұрғындарды табиғатты қорғауға шақырады. Сондай-ақ табиғатқа зиян келтіру жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз. Егер, сіз, табиғатқа қайшы келетін оқиғалардың куәгері болсаңыз, тез арада полицейлердің “102” нөмірі арқылы хабарласыңыздар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру