Ер адамдар аулада тұрған бөтеннің көлігін айдап кеткен
Аулада тұрған автокөлікті иесінен жасырын түрде айдап кеткен екі азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2020 жылдың 18 қазанында Әл-Фараби АПБ-ның қызметкерлері жедел іс-шараларын жүргізу барысында 16 қазан күні Республика даңғылындағы үйлердің ауласында тұрған «ВАЗ-21014» маркалы автокөлікті түнгі уақытта иесінен жасырын түрде заңсыз айдап кеткен екі азаматты ұстап, полицияға жеткізді. Олар 1999 және 1998 жылы туған жергілікті тұрғындар екені анықталды.
Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазіргі таңда аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 200-бабы 2-бөлігінің 1-тармағымен (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.