Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Құжатсыз көлік басқарған мас жүргізуші қамалды

Ақтөбе облысында құжатсыз көлік басқарған мас жүргізуші қамалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алға ауданы ПБ патрульдік полиция тобының қызметкерлері 24 қазан күні сағат 15:10-да Есет батыр кентіндегі Ә.Молдағұлова көшесінде 43 жастағы жүргізушінің басқаруындағы “ВАЗ-2107” автокөлігін тоқтатты. Жүргізуші көлік құралын “жеңіл” дәрежеде мас күйінде басқарған және үш жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылған көрші кенттің тұрғыны болып шықты.

Аталған факті негізінде ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігі (КО-ны басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның басқаруы) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Жүргізуші Ақтөбе қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Жыл басынан бері Ақтөбе облысында көлік құралын мас күйінде басқарған, бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылған 159 жүргізуші анықталды.

Осыған байланысты Ақтөбе облысы Полиция департаменті азаматтарды алкогольдік және есірткілік масаң күйде тарнспорт құралдарын басқармауды сұрайды және ескертеді, Сіздің ойластырылмаған әрекеттеріңізден кінәсіз адамдар зардап шегуі мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру