Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте карантин режимін бұзған караоке клуб анықталды

Шымкентте түнгі уақытта жұмыс жасап, карантин режимін бұзған “Barvikha” караоке клубы анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби АПБ-ның учаскелік полиция инспекторлары рейдтік іс-шараларын жүргізу барысында Қонаев даңғылы бойында орналасқан “Barvikha” караоке клубының түнгі сағат 23:00-ден кейін жұмыс жасап, карантин режимін өрескел бұзып жатқандығы анықтады. Аталған жайт бойынша әкімшілік іс құжаттар жинақталып, нысан иесіне ҚР ӘҚБК-нің 425-бабымен шара қолдану үшін санитарлық-эпидемиологиялық қызметке жолданылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру