Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте жоғалып кеткен 5 жасар бүлдіршін аман-есен табылды

Шымкентте жоғалып кеткен бес жасар бүлдіршін аман-есен табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

25 қазан сағат шамамен 09:30-да Шымкент қаласы Полиция департаменті Абай ауданы Полиция басқармасының кезекші бөліміне “102” сымтетігі арқылы Шымкент қаласының тұрғыны арызданған. Ол өз арызында бес жасар ұлының белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмағандығы туралы шағымданған.

Бастапқыда бүлдіршінді өз күштерімен іздеген туыстары еш нәтиже шықпаған соң, тәртіп сақшыларының көмегіне жүгінген. Шымкент қаласы Полиция департаменті Абай ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері шақырту орнына дер кезінде жетіп, мән-жайды анықтап, әкімшілік аумақты аралау барысында балақайды аман-есен тауып, үйіне жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру