Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада рейдтік шаралар барысында карантин талаптарын бұзған мейрамхана мен түнгі уақытта тұрғын жайдан тыс жерде жүрген төрт кәмелетке толмаған анықталды

Қызылордада “Қауіпсіз қала” жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15 қазаннан бастап Қызылорда қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері “Қауіпсіз қала” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.

Шара барысында тыныштықты бұзу және Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу деректері анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Бұдан бөлек карантин режимін бұзу деректері де орын алған. Мәселен қала орталығындағы ойын-сауық орталықтарының бірінде 150 адамға арналған той өткізіліп жатқандығы белгілі болды. Бұл дерек бойынша әкімшілік хаттама ресімделіп, жиналған материалдар тиісті шара қолдану үшін Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

Сонымен қатар полицейлер қала аумағында орналасқан компьютер клубтарының бірінде түнгі мезгілде ойнап отырған 4 кәмелетке толмағанды анықтады. Олардың ата-аналарына айыппұл салынды.

Аталмыш шара қазан айының соңына дейін жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру