Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ерікті полицейлер балабақша ауласын ретке кілтірді

Демалыс күніне қарамастан ҚАЖК аппаратының қызметкерлері «Думан» балабақшасының қызметкерлеріне балалар ойнайтын ауланы қардан тазартуға көмектесті.

«Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті басшылығының бастамасымен қар күреу бойынша өтіп жатқан акцияға бірауыздан қолдау білдіру туралы шешім қабылданды. Осылайша балабақша қызметкерлеріне ауланың қарын жинауға ерікті түрде көмектестік», – деді ҚАЖК төрағасының орынбасары Есқали Саламатов.

Акцияға 20-ға жуық ерікті қатысты. Бұл күні аппарат басшылары қолдарына саймандарын алып, балалар ауласын тазалауда өз әріптестеріне үлгі болды.

«Біз осы әлеуметтік нысанды тазлағанымыз бекер емес. Биыл қыс қарлы болды және ұйым қызметкерлеріне балабақша аумағын өз бетімен тазалау өте қиын. Қар көлемінің көптігіне орай балаларға ойын алаңына шығуға қиын болды. Аталған көмектің нәтижесінде бірнеше сағат ішінде аула тазаланды» деп атап өтті ҚАЖК төрағасының орынбасары.

Балабақша әкімшілігі еріктілерге алғыс білдірді.Ал еріктілер атқарылған жұмыстарына дән риза.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру