Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Еріктілерді жұмысқа тарту жұмысы жалғасты

Солтүстік Қазақстан облысы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды қайта әлеуметтендіру процесіне еріктілерді белсенді тарту жөніндегі жұмыс жалғастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды әлеуметтік оңалтудың 2017-2019 жылдарға арналған кешенді стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі 2020-2021 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының тармақтарын орындау үшін ҚР пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды қайта әлеуметтендіру процесіне волонтерлерді белсенді тарту жөніндегі жұмыс жалғастырылды.

СҚО бойынша ҚАЖД Есіл ауданының пробация қызметі бөлімінің қызметкерлері “СҚО Есіл ауданы әкімдігінің Жастар ресурстық орталығы” КММ волонтерлерімен бірлесе отырып, пробация қызметінде есепте тұрған, өмірлік қиын жағдайда қалған сотталушыға қажетті азық-түліктің әлеуметтік пакеті түрінде әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетті.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру