Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер жол-көлік оқиғасында зардап шеккендер үшін қан тапсырды

Алматы облысы ПД Арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасының қызметкерлері қан тапсырып, жол-көлік оқиғасында зардап шеккендерге қол ұшын созды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Жол-көлік оқиғалары салдарының қандай болатынын, апаттар кезінде адамдар түрлі жарақаттар алып, кейде жан тәсілім ететінін жақсы білеміз. Осындай көлік апаттарынан зардап шеккендерге көмек ретінде біздің басқарманың қызметкерлері таңертең ерте жиналып, қан тапсырды. Қалалық қан тапсыру орталығының қызметкерлері тәртіп сақшыларының қызметінің қауырт екенін ескеріп, елден бұрын қабылдап, қан тапсыруға жағдай жасады. Қан қажет адамға қан тапсыру біздің тәжірибеде кеңінен қолданылады,- деп атап өтті Алматы облысы ПД Арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы Аят Мұратбаев.

Тәртіп сақшылары игі іс жасап, жол апаттарынан зардап шеккендерге көмектесуге қолдау білдіріп, Қазақстандағы қан донорларының қатарын толықтырды.

– Кез келген ниет білдіруші, қан тапсыруға кері көрсеткіші жоқ қызметкер қан доноры бола алады. Тұрғындарды және олардың денсаулығын қорғау біздің парызымыз деп санаймыз. Қан тапсыру арқылы біз қиын шақта қан құю қажет науқастарға көмек көрсете алуымыз мүмкін,- деп толықтырды Аят Мұратбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру