Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция департаментінің аппараты коменданттық патрульдеудің бақылау режиміне көшті

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің басшысы Ж.Бақтыбаевтың нұсқаулығымен аппарат басшылығынан арасынан коменданттық патрульдеу тобы құрылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атаулы топ қазіргі таңда қала және аудан көлемінде қызмет атқарып жүрген жеке құрамның қызметін бақылап, қызметкерлерге кемшіліктерді болдырмау бағытында әдістемелік кеңес беріп, тиімділіктерін арттырып жатыр.

Бұл шараның негізгі мақсаты – қызметкерлер арасында заңбұзушылықты мүлде болдырмау, нормативтік құжаттармен сапалы іс жүргізу,  қағидалар мен ережелерді ұстануын, моральдық-этикалық нормаларды сақтауын да қадағалайды.

Топ құрамындағы Департамент басшысының Кадр саясаты жөніндегі орынбасары Б.Ақшауов әрбір қызметкерге ІІО-ның қағидалары мен талаптарымен тағы да таныстырып, жеке-жеке сұхбат жүргізіп, олардың сұрақтары мен өтініштерін ескерді.

– Маңғыстау облысы ПД жеке құрамы арасында барлық басқарма, дербес бөлім және қала, аудандық ішкі істер органдарының қоғамдық құрылымдардың қызметін, мақсатты тәрбие жұмысын жандандыру, патриоттық тәрбиені, кіші және орта басшы құрамның құқықтары мен мүдделерін қорғау, полицейлер ортасында тәртіп пен заңдылықты нығайту мақсатында мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын қатаң сақтауын, азаматтарға әдепсіздік көрсету фактілері офицерлік және полицейлік кеңестерде тәртіптік комиссияның отырысымен қаралып, ІІО-нан босатуға дейінгі шаралары қабылданатындығы назарларына жеткізілді, – деп айтып өтті.

Алдағы уақытта арнайы мобильді топ мүшелері жоспарға  сәйкес, Маңғыстау облысы ПД бойынша Кадр саясаты басқармасы, әкімшілік полиция басқармасы, Тылдық қамтамасыз ету басқармасы және Өзіндік қауіпсіздік басқармасының санынан жеке құрам арасында тәртіппен заң бұзушылықтардың алдын алу мақсатында белгіленген киім нысанын кию, айырым және ерекшелік белгілерін тағу ережелерін сақтауын, қызметкерлердің сыртқы келбетін, қызметтік куәліктері мен жеке белгілерінің бар-жоғын тексеруі, қызметтік және жеке автокөлігін пайдалану тәртібін тексеруді жалғастырады.

Қазіргі таңда департамент басшысы патрульдердің бейнежетондарының қызметі мен дұрыстығын, бейнежазбаларын  тікелей өзі тексеріп жатыр.

Өңірдегі барлық қызметті күнделікті бақылап, әрбір қадамдарын ПД басшысы орынбасарларының жеке жауапкершілігіне жүктеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру