Есірткіні жарнамалаған тұрғын қолға түсті
«Қарасора-2020» жедел шара барысында
Атырау қаласында полиция қызметкерлері есірткі заттарын жарнамалаған тұрғынды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Департамент бастығы Қамза Үмбетқалиевтің айтуынша, Жамбыл облысы тұрғыны, қаладағы ірі сауда орталықтарының бірінде есірткі заттары бейнеленген тауарларды сатқан.
62 жастағы тұрғынға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 423-бабы 1-бөлігі «Есірткі, психотроптық заттарды және сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау» бойынша хаттама рәсімделіп, сотқа жолданды.
Сот шешімімен сатушы адамға 150 АЕК мөлшерінде , яғни 416 700 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.