Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атыраулық полицейлер есірткімен шет ел азаматын ұстады

Департамент бастығы Қамза Үмбетқалиев,
республика көлемінде өтіп жатқан “Қарасора-2020” жедел алдын-алу іс-шарасы кезінде Өзбекстан азаматы ұстағанын атап өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл азаматтың уақытша тұратын мекен-жайын тексеру кезінде есірткі заттары табылып, тәркіледі.
Ұсталған азамат уақытша оқшаулау орнына қамауға алынды.

Сараптама қортындысымен тәркіленген есірткі заттарының салмағы 400 грамм сора екені анықтады.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296 бабы 3-бөлігі “Ірі мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау,тасымалдау” бойынша сотқа дейінгі тергеу-тексеру жүргізіліп сотқа жолданды.

Жақында сот шешімімен шетелдік азамат 160 сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру