Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Есірткіні жарнамалаған тұрғын қолға түсті

“Қарасора-2020” жедел шара барысында
Атырау қаласында полиция қызметкерлері есірткі заттарын жарнамалаған тұрғынды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Департамент бастығы Қамза Үмбетқалиевтің айтуынша,  Жамбыл облысы тұрғыны, қаладағы ірі сауда орталықтарының бірінде есірткі заттары бейнеленген тауарларды сатқан.

62 жастағы тұрғынға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 423-бабы 1-бөлігі “Есірткі, психотроптық заттарды және сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау” бойынша хаттама рәсімделіп, сотқа жолданды.

Сот шешімімен сатушы адамға 150 АЕК мөлшерінде , яғни  416 700 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру