Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Генералдың тың бастамасы немесе нəтижелі 1 жыл

Генералдың тың бастамасы немесе нəтижелі 1 жыл, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал майоры Ералы Жумаханбетов қала аумағындағы елдімекендерді аралау, тұрғындарымен кездесу барысында жергілікті халықтың мәселесін жылдам шешіп, әрі сапалы қызмет көрсету мақсатында 2019 жылдың 4-ші қазан күні WhatsApp желісінде “Группа Быстрого реагирования” атты чат-тобын құруды тапсырды. Ондағы мақсат – қала аумағындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, уақытылы анықтау және жолын кесу. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” атты тұжырымдамасын орындау жолында халықпен кері байланыс орнату болатын.

Жылдам әрекет ету тобының құрамында 50 азамат бар. Олардың қатарында үй төрайымдары мен төрағалары, қоғам белсенділері, блогерлер мен республикалық БАҚ өкілдері бар. Олар:
1. Любовь Доброта – “Казахстанская правда” республикалық газетінің Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі (Фейсбук әлеуметтік желідегі аккаунты https://www.facebook.com/profile.php?id=100006038264885 оқырманы 4 185)
2. Әсет Әссанди – Журналист, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департамент жанындағы Арнайы мониторингтік топтың жетекшісі, блогер (Фейсбук әлеуметтік желідегі аккаунты https://www.facebook.com/assandi оқырманы 8 823),
3. Анар Сулеева – “Темірқазық-Ой” газетінің бас редакторы, блогер (Фейсбук әлеуметтік желідегі аккаунты https://www.facebook.com/profile.php?id=100002745008315 оқырманы 3 215)
4. Катерина Попкова – “Хабар24” телеарнасының Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі (Фейсбук әлеуметтік желідегі аккаунты https://www.facebook.com/profile.php?id=100001709896904)
5. Максим Сейтенов – “Дайджест Казахстан” ақпараттық порталының бас редакторы (Фейсбук әлеуметтік желілердегі аккаунты https://www.facebook.com/informdkshym)
6. Жібек Жайлыбаева – “Уақыт талабы” Республикалық құқықтық газетінің бас редакторы (Фейсбук әлеуметтік желідегі аккаунты https://www.facebook.com/profile.php?id=100041882983048)
7. Ақмарал Молдиярқызы – “Шымкент келбеті” қалалық газетінің тілшісі (Фейсбук әлеуметтік желідегі аккаунты https://www.facebook.com/AkmaralMoldiarkyzy оқырманы 2037)
8. Шуддин Сайдов – “Отырар” телеарнасының журналисі (Фейсбук әлеуметтік желідегі аккаунты https://www.facebook.com/profile.php?id=100001858515411)
9. Мөлдір Бекеева – “Отырар” телеарнасының журналисі (Фейсбук әлеуметтік желідегі аккаунты https://www.facebook.com/moldyr.bekeeva)
10. Марина Низовкина – Республикалық “Atameken Business” телеарнасының Шымкент қаласындағы меншікті тілшісі, “Vera.KZ” ақпараттық порталының редакторы (Фейсбук әлеуметтік желідегі аккаунты https://www.facebook.com/profile.php?id=100002113335572 оқырманы 2020)

Сондай-ақ Шымкент қаласы Полиция департаментіне қарасты Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау ауданы Полиция басқарамасы бастықтарының кадр жөніндегі орынбасарлары, жедел орталық, потрульдік полиция полкі және жергілікті полиция қызметі, ішкі және сыртқы коммуникация басқармасының жауапты қызметкерлері бар. Ал, чаттың жұмысына жетекшілік ететін департамент бастығының кадр жөніндегі орынбасары, полиция полковнигі Алмас Әмзеев пен бірінші орынбасар Мұрат Алтаев.

– Чат қатысушылары өздері куә болған қала аумағындағы кез-келген құқық бұзушылық пен келеңсіздіктерді фото не бейнежазбаға түсіріп, чатқа салады. Осы жолдаған ақпараттың негізінде полиция департаментінің қызметкерлері орын алған жайттарды дер кезінде тексеріп, заңды шешім, тиісті шара қабылдайды. Мәселен, чат ашылғалы 10 айда 1500 ден астам фото, бейнежазба және жазбаша өтініштер келіп түскен. Бұл тәулікте орта есеппен 4-5 шағымды құрайды. Бүгінде оның 95 пайызы орындалды. Чатқа салынған мәселелер тұрмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар, жол ережесін бұзу, автокөлікті жол бойына заңсыз қойып кету сынды мәселелерден басталып, ірі қылмыстың жолын кесуге бағытталған шағымдарды құрайды. Аталған чат оң нәтиже көрсетуде, – дейді департамент бастығының кадр жөніндегі орынбасары, полиция полковнигі Алмас Әмзеев.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Ералы Жумаханбетовтің бастамасымен құрылған “Жылдам әрекет ету” тобы жыл ішінде халықпен, заңсыздыққа бейжай қарай алмайтын белсенді азаматтармен ұдайы хабарласып, кері байланыс орнатуға себеп болды. Бұл қоғамдық шиеленістің алдын алып, шағымданушы азаматтардың қатарын азайтып, полицияның оң имиджін қалыптастыруға септігін тигізуде. Бұл полиция департаментінің ашық әрі жариялы түрде қызмет атқарып, халыққа етене жақындағанын көрсетіп, қызмет барысындағы ашықтықты қамтамасыз етті. Халық сенімін ақтау мақсатында Шымкент қаласы Полиция департаментінің тарапынан тиісті жұмыс жалғаса береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру