Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Хромтауда пробация есебіндегі қайта қылмыс жасауға бейім сотталғандар ашық сот отырысына қатысты

Ақтөбе облысында пробация есебіндегі қайта қылмыс жасауға бейім сотталғандар ашық сот отырысына қатыстырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Хромтау аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған Л. есімді сотталғанның бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылуы себепті бас бостандығынан шектеудің өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстыру туралы сот процесі өтіп, оған пробация есебінде тұрған басқа да сотталғандар қатыстырылды.

– Сот процесіне басқа да сотталғандарды қатыстырудағы мақсат – сотталғандар үшін сот жүктеген міндеттер мен жаза өтеу тәртібін бұзудың, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылудың салдарын түсіндіру. Яғни, мұндай жұмыстар есепте тұрған сотталғандар арасында қайта қылмыстың алдын алудағы профилактикалық іс-шаралардың бірі саналады. Сонымен қатар тәжірибе жүзінде дәлелді себептермен түсіндірудің пайдасы зор, – дейді Хромтау аудандық пробация қызметінің аға инспекторы Алтын Аққазиева.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру