Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлытау облысында іздеуде жүрген күдікті қамауға алынды

Ұлытау облысы полиция департаментінің криминалды полиция басқармасының қызметкерлері екі жылдан бері іздеуде жүрген күдіктіні қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

28 мамырда Жезқазған қаласындағы жатақханалардың бірінен Алматы қаласының полициясымен қарақшылық шабуыл жасағаны үшін іздеуде жүрген 26 жастағы күдікті ұсталды.

2021 жылы бірнеше сыбайласымен бірге қарақшылық шабуыл жасап, жәбірленушінің қаражатын тартып алғаны үшін қылмыстық жауапқа тартылған күдікті сол уақыттан бері құқық қорғау органдарынан жасырынып, ұстатпай жүрген. Криминалды полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру барысында күдікті қолға түсіп, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру