Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Хромтауда пробация қызметіне есепте тұрғандарды саусақ ізімен анықтайтын биометриялық терминал орнатылды

Ақтөбе облысының Хромтау аудандық пробация қызметіне есепте тұрғандарды саусақ ізімен анықтайтын биометриялық терминал орнатылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Хромтау аудандық прокуратурасының бастамасымен және аудан әкімдігінің қолдауымен Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД Хромтау аудандық пробация қызметіне есепте тұрған сотталғандардың пробация қызметіне тіркелуге келуі электронды құрылғы арқылы бақылануға арналған биометриялық терминал сатып алынды.

– Бұл құрылғы есепте тұрған азаматтардың саусақ іздері мен кескін-келбетін сканерлеу арқылы олардың жеке басын анықтап, дәлелдеу процесін жүзеге асырады. Яғни пробация қызметіне тіркелуге келген сотталғандарды құрылғы автоматты түрде өз жадына сақтап, сотталғандардың уақытылы тіркелуге келгені немесе келмегендігіне көз жеткізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ терминал көмегімен тіркелуге келмеген сотталғандармен уақытылы профилактикалық іс-шаралар жүгізуге септігін тигізіп қана қоймай, есепте тұрған сотталған азаматтарға қатысты іс-құжаттарды қарау процесінде сот отырысында да тіркеуге келуі туралы ақпарат алуға негіз бола алады, – дейді Хромтау аудандық пробация қызметінің инспекторы Ізбасар Сәт.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру