Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ Алматы академиясында цифрлық кітапхана ашылды

ІІМ Алматы академиясында цифрлық кітапхана ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясында Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына байланысты заман талабына сай “Baitūrsynūly Library” цифрлық кітапханасы ашылды.

Цифрлық кітапхананың ашылу рәсіміне Алматы қаласы Полиция департаментінің бастығы А. Заппаров, академия Ардагерлер кеңесінің мүшесі, Ж.Кенжетаев және А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры А. Фазылжан қатысып, сөз сөйледі.

– Қыр баласының сауатын ашып оқытқан Ахметтің арманы көп еді. Сол армандары енді орындала бастады, — деді Анар Фазылжан.

Полиция қызметкерлерінің кітапханаға баруға үнемі мүмкіндіктері бола бермейді. Енді олар кітаптардың электронды нұсқасында танысып, керекті мәліметтерді ала алады.

Цифлық кітапхана Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналалғын үлкен сый болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру