Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ басшысы Солтүстік Қазақстан облысында азаматтарды қабылдады

Ішкі істер министрлігінің басшысы Солтүстік Қазақстан облысында азаматтарды қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары кезінде азаматтарды қабылдады.

Өңір тұрғындары министрге өздерін толғандырған, оның ішінде ішкі істер органдарына жұмысқа орналасу, шетел есебіндегі автокөлікті тіркеу жайлы сұрақтарын тікелей қою мүмкіндігіне ие болды. Сондай-ақ, Ерлан Тұрғымбаев ішкі істер органдарының ардагерлерімен кездесіп, олармен облыстық Полиция департаментінің жұмысын жақсарту мәселелерін талқылады.
Одан бөлек, министрдің қабылдауында Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің “Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының меңгерушісі Людмила Гривенная болды. Ол республикалық комиссия құрамында бұрын ақталмаған қуғын-сүргінге ұшырағандарға қатысты қылмыстық істерді зерделеуде.

– Бөлініс қызметкерлерінің сапалы жұмысы тарихи құндылыққа ие мәліметтерді жедел түрде алуға мүмкіндік туғызды. Бүгінгі таңда полиция ведомствосынан осындай 120 адамға қатысты қажетті ақпарат алдым, – деді тарихшы.

Бұрын әскери тұтқында болғандар және Германиядан жер аударылған азаматтар, қуғын-сүргінге ұшырағандарға қатысты қылмыстық істер, сот органдарымен ақталғандар жайлы іріктелген және трофейлік материалдарды құрайтын қор тарихи және ғылыми құндылыққа ие. Бөлініс қызметкерлері барлығы 200-ден астам азаматқа қажетті ақпарат алуға көмектесті.

Мұрағат жұмысы соғыстың ауыртпашылығын кешкен жылдардың жаңа парағын аша отыра, ғалымдарға тарихты қалпына келтіруге көмектеседі. Сонымен қатар, соғыстан кейінгі жылдары ақталған туыстары жайлы білгісі келгендер үшін қор ерекше қызығушылық тудырады.

ІІМ басшысы полиция қызметкерлерінің жұмысына берілетін оң баға, “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” қағидатын іске асыруға негізделген барлық бөлініс жұмысының тиімділігін арттыру үшін серпін болып табылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру