Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарлық ер адам зейнеткерден 300 мың теңгедей ақша ұрлап кетті

Павлодарлық ер адам зейнеткер көршісінен 300 мың теңгедей ақша ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодарда полицейлер жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында облыс жедел қызметкерлері жеке үй мен пәтерден бұрын жасалған ұрлықтарды ашты.

– 2021 жылғы 18 мамырда Ертіс аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне зейнеткерден ақша қаражатын ұрлау фактісі бойынша арыз түсті. 63 жастағы жәбірленуші тәртіп сақшыларына белгісіз адам уйіне еркін кіріп, 289 мың теңге сомасында ақша ұрлағанын айтты. Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер күдіктіні анықтады. Ол жәбірленушінің көршісі болып шықты. Анықталғандай, күдікті жәбірленушінің үйіне келіп, үй шаруасына көмектескен. Ұрланған ақшаны ер адам алкоголь мен ойын-сауыққа жұмсады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлімі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, – деді Павлодар облысы Полиция департаменті Криминалдық ПБ-ның бастығы Балғабай Қапаров.

Тағы бір жағдайда Ақсу қаласы жедел уәкілдерінің күшімен 36 жастағы қала тұрғыны анықталып, ұсталды. Ол 2021 жылы 29 сәуірде сағат 22:00-де терезені сындырып, Пушкин көшесі бойындағы пәтерге кіріп, құны 141 мың теңге тұратын “ASUS” ноутбугін ұрлады. Ноутбук иесіне қайтарылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру