Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ-де БАҚ өкілдеріне қатысты қауіп-қатер фактілерін тергеу, кәсіби қызметке кедергі жасау және басқа да құқыққа қайшы әрекеттер туралы айтылды

ІІМ-де БАҚ өкілдеріне қатысты қауіп-қатер фактілерін тергеу, кәсіби қызметке кедергі жасау және басқа да құқыққа қайшы әрекеттер туралы айтылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ІІМ тергеу қызметінің басшысы Санжар Әділов журналистердің қабылданып жатқан шаралар туралы сұрақтарына жауап бере отырып, қазіргі уақытта полицияда бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне қатысты құқыққа қайшы әрекеттерге жол берген адамдарды жауапқа тарту мақсатында жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Санжар Әділовтың айтуынша, Полиция департаментінің Тергеу басқармасы ҚР ҚІЖК-нің 128-бабына сәйкес Алматы қаласының екі тұрғынын ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алған. Қылмыстық қудалау органының анықтауынша, күдіктілердің екеуі де қыркүйектен қарашаға дейін журналистердің кәсіби қызметіне қоқан-лоққы жасау жолымен кедергі келтірген, сондай-ақ түрлі бұзақылық әрекеттер жасап, “Elmedia KZ News” және “Оrda.kz” редакциялары кеңсесінің мүлкіне зақым келтірген.

– Мойындау айғақтарынан басқа, ұсталғандардың кінәсі жеткілікті дәлелдермен және нақты айғақтармен расталады, – деп атап өтті Санжар Әділов.

Күдіктілердің қылмыстық әрекеттері ҚР Қылмыстық кодекісінің 293-бабының 2-б. 1,3-т. (Алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобы жасаған бұзақылық, бірнеше рет), 158-бабының 2-б. (Журналистерге заңды кәсіптік қызметке кедергі жасау), 115-бабы (Қорқыту) бойынша сараланған.

Қазіргі уақытта қылмыстарды ұйымдастырушылар мен қатысушыларды анықтау бойынша шаралар қабылдануда. Қылмыстарды тергеу Ішкі істер министрлігінің бақылауында.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру