ІІМ-де білім беру ұйымдарының кешенді қауіпсіздігі мәселелері талқыланды
ІІМ-де білім беру ұйымдарының кешенді қауіпсіздігі мәселелері талқыланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ІІМ Алқа отырысында 2026 жыл Балалар жылы деп белгіленді. Оның негізгі ұраны — "Заң мен Тәртіп — қауіпсіз балалық шақтың кепілі". Осыған орай Ішкі істер министрлігі білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында білім алушылар мен қызметкерлер үшін қорғалған орта қалыптастыруға бағытталған кешенді шараларды жүзеге асырып келеді. Алайда еліміздегі мектептерде тыйым салынған заттарды қолдануға байланысты болып жатқан оқиғалар білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесінің әлі де өзекті екенін көрсетіп отыр және оны шешу үшін кешенді тәсілді қажет етеді.

Осыған байланысты 12 маусымда ІІМ Күзет қызметін бақылау комитеті Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеханың төрағалығымен "Білім беру ұйымдарының кешенді қауіпсіздігі" мәселесіне арналған дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шараға Оқу-ағарту вице-министрі Жайық Шарабасов, мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және ІІМ қызметтері қатысты.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар білім беру ұйымдарының кешенді қауіпсіздігіне қатысты кең ауқымды мәселелерді талқылады.

Ашық пікірталас барысында мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері өзекті мәселелерді және оларды шешу жолдарын қарастырды.
