Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ-де кадрлық тағайындаулар өтті

ІІМ-де кадрлық тағайындаулар өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ішкі істер министрінің бұйрығымен ақпарат және байланыс департаменті бастығының орынбасары қызметіне Арман Бәкіржанов тағайындалды.

Полиция полковнигі Бәкіржанов осы салада 20 жылдан астам жұмыс істеп келеді. Алғаш рет қызметін инженер-бағдарламашы ретінде бастаған. Соңғы лауазымы – ІІМ ақпарат және байланыс департаменті ақпаратты техникалық қорғау басқармасының бастығы.

ІІМ тыл департаменті бастығының орынбасары лауазымына полиция полковнигі Рүстем Тұнғышбаев тағайындалды. Ол бұрын Павлодар облысы полиция департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарған.

Алматы қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары лауазымына бұрын осы департаменттің ақпараттандыру және байланыс басқармасының бастығы болып қызмет еткен Ольга Агафонова тағайындалды.

Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары қызметіне бұрын осы департаменттің көші-қон қызметі басқармасының бастығы қызметін атқарған Мәулен Мақанов тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру