Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ-де тергеу департаментінің үздіктері марапатталды

ІІМ-де қызметте ерекше көзге түскен тергеушілер марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

6 сәуір – Тергеушілер күні. Аталмыш мерекеге байланысты, сонымен қатар қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, жұмыста жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізгендері үшін ішкі істер министрінің бұйрығымен “Ішкі істер органдарының құрметті қызметкері” төсбелгісімен тергеу департаментінің орынбасарлары Самат Аисов пен Бауыржан Абенов марапатталды.

“Ішкі істер органдарының үздігі” төсбелгісі ТД АМІЖ аға тергеушісі Т.Пазынаға тағылды.

ІІМ грамотасымен ТД АМІЖ аға тергеушісі Д.Нысанбаев марапатталды. Сонымен қатар тағы басқа қызметтер де жетістіктер үшін марапатталды.

Жауап қалдыру