Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте полицейлер толғағы келген әйелге шұғыл көмек көрсетті

Шымкентте полицейлер толғағы келген әйелге шұғыл көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қала көшелерінің бірінде қызмет атқарып тұрған патрульдік полицейлерден ер адам көмек сұрады. Ол көлікте әйелін толғақ қысып, босанғалы жатқанын айтты. Тәртіп сақшылары жедел әрекет етіп, көлікке жол бастап жүру арқылы перзентханаға жеткізді.

Ер азамат біреудің басына түскен іске бей-жәй қарамай, адамгершілік танытқан офицерлерге ризашылығын білдіріп, алғыс айтты.

Полиция қызметкерлері азаматтарға кез келген жағдайда көмек көрсететінін жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру