Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ генералы полиция қызметкерлеріне үндеу жолдады

ІІМ-нің 80 жастағы генералы полиция қызметкерлеріне үндеу жолдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кезінде Целиноград облысы ІІБ басқарған милиция генерал-майоры, құрметті ардагер, ІІМ ардагерлер кеңесінің басшысы Өмірзақ Қоспанұлы Болсамбеков коронавирустық инфекциямен күрестің алдыңғы шебінде жүрген полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілеріне тілегін жеткізді.

Ол барлық ардагерлер атынан полиция қызметкерлеріне, құтқарушыларға, Ұлттық ұланның әскери қызметшілеріне, қатардағы жауынгерлеріне, сержанттар мен офицерлерге үндеу жолдады. Ардагер өз үндеуінде аурудың кең ауқымды пандемиясы әркімнің денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретінін атап өтті.

“Жеке уақытымен санаспай, шаршап-шалдығуды білмей, жекелеген теріс пікірлер мен тіпті қарсыласуларға қарамастан ішкі істер органдарының қызметкерлері дәрігерлермен бірге алдыңғы шепте пандемияның таралуын тежеуге көмектесіп келеді. Сіздерге сол үшін үлкен құрмет білдіреміз. Барлық ардагерлердің, олардың отбасы мүшелерінің, заңға мойынұсынатын қарапайым азаматтардың атынан Сіздерге шексіз алғыс білдіреміз”, – деді Ө. Болсамбеков.

Ардагер оларға осы қарқынды төмендетпеуге, адамдардың қауіпсіздігін толық қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарына сәттілік тіледі. Қажет болған жағдайда қатаң, бірақ заңға сәйкес әрекет ету, төтенше жағдай режимін бұзу, карантиндік іс-шараларды жүргізу кезінде бағынбау фактілерінің жолын кесудің аса маңыздылығын атап өтті.

“Бұл мыңдаған қазақстандықтардың өмірін, еліміздегі еңбектеген сәбиден, еңкейген қарттарға дейінгі адамдардың денсаулығын сақтау үшін қажет”, – деп атап өтті генерал-майор .

Анықтама ретінде: ІІМ-нің ардагерлер ұйымының 65 мыңнан астам мүшесі бар. Өмірде көпті көріп, үлкен сынақтардан өткен аға буын өкілдері ешқашан қазіргі ізбасарларымен байланысын жоғалтпайды, қылмыстарды ашу және тергеу, басқа да практикалық қызмет тәжірибесімен үнемі бөлісіп отырады. Қоғамның белсенді өкілдері ретінде ішкі істер органдары жүйесін жаңғыртуға көмектеседі, жас қызметкерлерді патриоттық рухта тәрбиелеумен айналысады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру