Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Карантин: 626 адам тәртіп бұзып, 138-і қамауға алынды

Ақтөбе облысында төтенше жағдай кезінде тәртіп бұзған 626 адам тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері еріктілермен бірге төтенше жағдай режимін бұзуды анықтау жұмыстарын жалғастырып жатыр.

20 сәуірге Ақтөбе облысында тәртіп сақшылары ТЖ режимін бұзудың 626 фактісінің жолын кесті, оның ішінде ҚР ӘҚБтК 476-бабы бойынша (ТЖ режимін бұзу) – 595 құқық бұзушылық, оның ішінде 138 адам қамауға алынды,184 айыппұл салынды, 237 ескерту жасалды, 27 материал сотқа жіберілді.

ҚР ӘҚБтК 478-бабы бойынша (ТЖ жағдайында құқық тәртібін бұзуға итермелейтін іс-әрекеттер) 31 бұзушылық анықталды, оның ішінде 15 айыппұл салынды, 12 қамауға алынды, 4 материал сотқа жіберілді.

Мысалы, Ембі қаласындағы азық-түлік дүкенінің 50 жасар сатушысына, полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабы 6-тармағы бойынша әкімшілік хаттама толтырды, ол жұмыс орнында жеке қорғаныс құралдарын қолданбаған. Әкімшілік материал шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.

Азаматтардың блок-бекеттерін заңсыз айналып өту фактілері орын алуда, мұндай бұзушылықтар 31 анықталды.

Полиция департаменті қала тұрғындарын қабылдап жатқан шараларға түсіністікпен қарауды сұрайды. Осы іс-шаралардың барлығы инфекцияны таратпаудың алдын алу мақсатында өткізіледі. Қауіпсіздік шараларын сақтауды, жеке қорғану құралдарын (маскалар мен медициналық қолғаптар) киіп жүруді, аса қажетсіз далаға шықпауды сұраймыз. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру