ІІМ Қостанай академиясында Дархан Базарбаев атындағы аудитория ашылды
ІІМ Қостанай академиясында Дархан Базарбаев атындағы аудитория ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шара полиция қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқандар туралы бір минут үнсіздікпен басталды.
Дарханның әкесі Серік Қалиев ұлының әрдайым полицияда жұмыс істеуді армандағанын айтады. 2016 жылы әскердегі қызметінен кейін Дархан кезекші, содан кейін Қостанай АІІБ патрульдік полициясында жұмыс істей бастады. Ол жұмысын жақсы көріп, әрқашан адамдарға көмектесуді армандады. Мінезі ашық, мейріміді болатын деп әріптестері оны жылы лебіздерімен еске алды.
Батырдың әкесі Серік Қалиев, ұлының есімі қазақстандық полиция тарихына қалғанын атап өтіп, Қостанай академиясындағы атаулы аудиторияның ашылғаны үшін алғысын білдірді.
Қостанай академиясының бастығы Нұрлан Биекенов полицей мамандығының өмірге қауіп төндіретінін тілге тиек етті. Дархан Базарбаев алған жарақатына қарамастан, қарулы қылмыскерді ұстады және залалсыздандырды.
– Бүгін біз Д.Базарбаев атындағы аудиторияны ашып отырмыз, онда әкімшілік-құқықтық мамандандыру бойынша алғашқы кәсіби дайындық курстарының тыңдаушылары оқитын болады. Академия өз елінің Отанына қызмет етуге және азаматтардың тыныштығын қорғауға дайын жас және жауапты патриоттарын дайындауда – деді Н.Биекенов.
Аудитория заманауи талаптарға сай, мұнда батырдың өмірі туралы баяндайтын стендтер орнатылған, сондай-ақ барлық қажетті әдебиеттер мен көрнекі құралдар бар.
ПД бастығының орынбасары Ардақ Ынтықбаев Академия түлектерінің Дархан Базарбаев сияқты заңдылық пен құқықтық тәртіпті қорғауда адал және кәсіби қызмет ететініне сенім білдірді. Оның ерлігі әрқашан жас ұрпаққа үлгі болады.
Қызметтік борышын атқару кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Қазақстан Республикасының Президенті қаза тапқаннан кейін батыр-полицейді ІІІ дәрежелі “Айбын” орденімен марапаттады. 2020 жылдың желтоқсанында батыр Дархан Базрабаевтың есімі жастардың Алтын кітабының “Жас батырлар”номинациясына енгізілді.