Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайлық полицейлер автокөлігінде бензин таусылған жүргізушіге көмектесті

Қостанайлық полицейлер автокөлігінде бензин таусылған жүргізушіге көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай облысының ПД патрульдік полицейлері қиын жол жағдайына тап болған жүргізушіге көмек көрсетті. Озерное ауылынан Қостанай қаласына жолаушылармен келе жатқан көліктің тас жолда бензині таусылып қалған.

16 қаңтарда патрульдік полиция ротасының инспекторы Руслан Әйтенов пен инспектор Әділ Тәжин Қостанай-Федоровка тас жолын патрульдеу кезінде жол жиегінде апаттық белгіде тұрған автокөлікті көрген.

Бұл күні облыстың автожолдарында күрделі ауа райы жағдайлары сақталып, көктайғақ және бұрқасын болған. Полицейлер автокөлікте бензин таусылғанын анықтады. Көліктің артқы орнында төрт жолаушы болған. Жүргізушінің айтуынша, көмек көрсетуге ешкім қайрылмаған, сонымен қатар автокөлік иесінде сымарқан болмаған.

Тәртіп сақшылары көлікті жақын маңдағы ЖҚС-ға дейін сүйреп апарды. Полиция департаменті жүргізушілерді қолайсыз ауа райында жол ережелерін сақтауға және сапарға алдын ала дайындалуға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру