Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ қызметкерлері колледж студенттеріне есірткінің зияны туралы дәріс өткізді

ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті қызметкерлері Астана қаласының Менеджмент, бизнес және білім колледжінде “Есірткі құралдарын тарату және тұтыну, оның салдары” тақырыбында дәріс өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Дәрістер Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарының профилактикалық іс-шараларын жүзеге асыру шеңберінде “Есірткісіз болашаққа бірге” ұранымен тұрақты негізде өткізіледі.

Іс-шараның мақсаты – жастар арасында нашақорлықтың алдын алу және жолын кесу, түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

Дәріс барысында синтетикалық есірткіні және психотроптық заттарды тұтынудың зияны, олардың адам өмірі мен денсаулығы үшін ауыр салдары туралы бейнематериалдар көрсетілді.

Студенттер полицияның кинологиялық қызметінің жұмысына қызығушылық танытты, есірткінің заңсыз айналымына қарсы күресте қызметтік-іздестіру иттерін қолданудың мүмкіндіктері туралы білді. Сонымен қатар студенттерге есірткі құралдарының иісі бар имитаторларды табу бойынша қызметтік иттердің жұмысы көрсетілді.

– Мұндай іс-шаралар жастарда есірткіге қарсы иммунитетті қалыптастыруға, есірткінің заңсыз айналымына қатысқаны, оларды жарнамалағаны немесе тұтынуға үгіттегені үшін қылмыстық жауапкершілік туралы білуге, олардың құқықтық сауаттылығын арттыруға мүмкіндік береді, – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті кинологиялық бөлімінің басшысы Алмас Кунтуов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру