Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ жасырын казино ашқан қылмыстық топты ұстады

Ойыншылар казиноға арнайы құпия сөз арқылы кіріп жүрген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

13 қарашаға қараған түні ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің бөлімшелері Алматы қаласындағы ғимараттардың бірінде Сәтпаев көшесінің бойында жасырын казино ұйымдастырған қылмыстық топты ұстау бойынша арнайы іс-шара өткізді.

Тыйым салынған ойын мекемесі қаланың Бостандық ауданындағы көпқабатты үйдің жертөлесінде орналасқан. Ол жерге кіру тек құпия сөз арқылы болды.

Арнайы іс-шара кезінде казинода 20-дан астам келушілер болған, олардың арасында 30 жылдық тәжірибесі бар ойыншылар да бар. Іс-шара нәтижесінде 20-дан астам ойын жабдығы, ірі көлемдегі ақша, келушілердің аты-жөні жазылған тізім, ақшаның кіріс-шығыс жазбалары бар құжаттама тәркіленді. Қылмыстық әрекеттен түскен кірістің шамамен сомасы күніне 5 миллион теңгеден асып отырған.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 307-бабы 1-бөлігімен (Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) қылмыстық іс тіркелді.

Қазіргі уақытта казино иесін анықтап, жауапкершілікке тарту бойынша жедел шаралар жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру