Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Интернетте автокөлік сатып алмақ болған петропавлдық жарты миллион теңгесінен айырылды

Интернетте автокөлік сатып алмақ болған петропавлдық жарты миллион теңгесінен айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Интернет-алаяқтық саны артып келеді, қылмыскерлер де түрлі амал-тәсілдерді ойлап табуда. Веб-ресурстардың бірінде хабарландыру бойынша “Hyundai Sonata” автокөлігін сатып алмақ болып, 500 мың теңгесінен айырылып қалған Петропавл қ. 40 жастағы тұрғыны полицияға жүгінді. Басқа сатып алушының пайда болғанын алға тартып, психологиялық қысым жасау тәсілін қолданған алаяқ жұбайының еміне шұғыл қаражат қажет деп, петропавлдық алдын ала төлем жасаған жағдайда, көлігін оған сататынын айтқан. Ақшаны қолға түсірген алаяқ байланысқа шықпай қояды. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді, жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.

– Интернет арқылы сауда жасаған кезде жеке бейне шолуды талап еткен жөн: жақыннан түсіріп, нақты бір бөлшектерді көрсетуді сұрау қажет, – дейді Петропавл қ. ПБ Екінші полиция бөлімінің бастығы Руслан Сыздықов. – Сатушы күмән тудыратын болса, алдын ала төлем жасауға келіспеу керек.

Жалпы 2020 жылы СҚО-да 495 интернет-алаяқтық тіркелді, оның 171-і алдын ала төлемді талап етумен байланысты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру