Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Интимдік суреттерді таратамын деп қорқытқан”: Шымкент полицейлері бопсалаушы азаматты ұстады

Шымкент полицейлері тұрғынның интимдік суреттерін таратамын деп қорқытқан азаматты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қалалық полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлеріне жергілікті тұрғыннан ақша бопсалау дерегі туралы хабарлама түсті.

Арызданушының айтуынша, ол әлеуметтік желіде белгілі бір ер адаммен танысқан. Бірнеше айлық хат алмасудан кейін күдікті азамат қыздың сеніміне кіріп, жеке деректері мен фотосуреттеріне, оның ішінде интимдік суреттерге қол жеткізген. Кейін бұл суреттерді жақындарына таратамын деп қорқытып, қала тұрғынынан ақша талап еткен.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жүргізген арнайы операцияның нәтижесінде бопсалаушы Атырау қаласында ұсталды. Ол 34 жастағы Өзбекстан азаматы болып шықты.

Полиция аталған жайтқа қатысты ҚР ҚК-нің 194-бабы (Бопсалау) бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру