Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Заңсыз ауланған балық тәркіленді

Алматы облысында заңсыз ауланған балық партиясы тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

Көлік жүксалғышынан шыққан балықтардың жалпы салмағы – 730 келі тартты.

«Фольксваген Транспортер» шағын автобусын полицейлер Ескелді ауданының аумағында тоқтатқан. Жүргізуші көлігіндегі жарты тоннадан асатын балыққа ешқандай құжат көрсете алмапты.
Сөздеріне қарағанда, олар осынша көлемдегі балықты Текелі қаласына сатуға алып бара жатқан.

Көліктегі балықтар түгел тәркіленді. Одан түскен қаржы мемлекет пайдасына шешіледі.

Қазір мамандар мемлекетке келген материалдық шығынды анықтап жатыр. Тиісті тексерулерден кейін нақты процессуалдық шешім қабылданады.


Полиция таратқан ақпаратқа сүйенсек, Алматы облысы аумағында жыл басынан бері 257 рет табиғат қорғау заңнамасы бұзылған.

3 тоннаға жуық балық тәркіленіп, браконьерлердің қолынан 3 қайық пен 30 мылтық алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру