Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Төрт жасар баланы анасымен қауыштырды

Нұр-Сұлтанда ұландық сарбаздар жоғалған 4 жасар баланы ата-анасына қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

13 наурыз күні сағат кешкі 20.15 кезінде Сарыарқа ауданында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету барысында төрт жасар бала жоғалғаны туралы ақпарат тарады.

Ұлттық ұланның елордалық құрамасының әскери жасағы бірден іздестіру жұмыстарына кірісті. 5573 әскери бөлімінің жауынгерлері Александр Видергольд, Бауыржан Ермекбаев және Дияс Нұрланов Конституция көшесінде орналасқан «Хива» мейрамханасы маңынан хабарламада айтылған белгілері ұқсас баланы байқайды.

Сарбаздар оқиғаны дереу патрульдік топ басшысына баяндап, көп ұзамай адасқан баланың ата-анасымен байланысқа шықты. Баласымен аман-есен қауышқан олар жедел әрекеттері мен көмектері үшін Ұлттық ұлан сарбаздарына алғыс білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру