Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Препараттарға ұқыпсыз қараған медициналық мекемелердің басшылары жауапқа тартылды

Солтүстік Қазақстан облысы полицейлері құрамында есірткі заттары бар препараттарға ұқыпсыз қараған медициналық мекемелердің басшыларын жауапқа тартты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Есірткі заттарының заңды айналымын бақылау – полиция қызметінің басты бағыттарының бірі. СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ”Дәрмек” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді.

Оның мақсаты – құрамында тыйым салынған заттары бар дәрі-дәрмектердің қылмыстық ортаға арнайы немесе кездейсоқ таралу қаупін жою. Медициналық мекемелер, дәріханалар, өндірістік кәсіпорындар тәртіп сақшыларының назарына алынды.

“Жалпы облыста құрамында есірткі заттары бар және психотроптық препараттардың заңды айналымы қағидаларын сақтау деңгейі қанағаттанарлық, – дейді СҚО ПД ЕҚҚІБ басшысы Жандос Басыбаев. — Осылайша, Петропавл қаласындағы аудандардың бірінде бірқатар өрескел бұзушылықтар анықталып, басшы лауазымындағы тұлғалар жауапкершілікке тартылды”.

Мысалы, қызметкерде құрамында есірткі бар препараттармен жұмыс істеуге рұқсаты болмағаны, оларды сақтаудың техникалық нығайтылу талаптарын орындамағаны үшін медициналық мекемелердің бірінің бас дәрігеріне жауап беруіне тура келді. Бұдан басқа, аталған санаттағы дәрілердің ампулалары екі айдан артық жойылмағаны анықталды, алайда бұл оларды есепке алудың маңызды талаптарының бірі болып табылады. Басшыларға 100 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салынады, мұндай жаза ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 426-бабы 1-бөлігі “Фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттардың,медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласының қағидаларын бұзу” бойынша көзделген.

Әкімшілік хаттама тағы бір мекеменің басшысына қатысты толтырылған, ол 150 таблеткаға дейін құрамында кодеин бар препаратты рецептісіз босатуға жол берген. Бұдан басқа, техникалық нығайтылу талаптарын бұзғаны үшін аудандардың бірінде орталық аурухананың бухгалтері жауапқа тартылды, оның кінәсынан күзетуге шарт уақтылы жасалмаған.

Полицейлер барлығы облыс бойынша құрамында есірткі заттары бар және психотроптық препараттар мен прекурсорлардың қылмыстық ортаға таралуына жағдай жасайтын сегіз бұзушылықты анықтады. Оның ішінде 393 таблетка мен түрлі дәрілік препараттың 26 ампуласы заңсыз айналымнан алынды. Бұдан басқа, операция кезінде заңсыз есірткі айналымының 11 фактісінің жолы кесіліп, 830 грамнан астам тыйым салынған түрлі зат, соның ішінде 777,51 грамм “спайс” психобелсенді зат алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру