Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ішкі істер министрі БҰҰ-ның Қазақстандағы Даму бағдарламасы кеңсесінің басшысымен кездесті

ІІМ-де Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ержан Саденовтың БҰҰ-ның Қазақстандағы Даму бағдарламасы кеңсесінің басшысы Катаржина Вавьерниамен кездесуі өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кездесу барысында өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Одан әрі ынтымақтастықтың өзекті бағыттары айқындалды, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғаммен әріптестікті нығайту саласындағы озық тәжірибелер зерделенді.

Кездесуге қатысушылар бірлескен жобаларды іске асыруды жалғастыруға дайын екендіктерін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру