Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ішкі істер министрінің орынбасары Шымкентке жұмыс сапарымен барды

Ішкі істер министрінің орынбасары Айдар Сайтбеков Шымкентке жұмыс сапарымен барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Айдар Сайтбеков жұмыс сапарын қалалық полиция департаментінің басшылығымен және жеке құрамымен кездесуден бастады.Жиын барысында полиция генерал-майоры жұмыстың ауқымдылығын атап өтіп, Мемлекет басшысы мен ішкі істер министрінің қылмысқа қарсы күрес бойынша берілген тапсырмаларын түсіндірді.

Ішкі істер министрінің орынбасары тәртіп сақшыларының қызметін жетілдіру мәселелеріне егжей-тегжейлі тоқталып, қоғам полицияны сенімді қорғаныс және тірек ретінде қабылдауы тиіс екенін атап өтті. Сондай-ақ қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мәселелерді бірлесіп анықтау және оларды шешу үшін полицейлердің азаматтармен тиімді серіктестік қарым-қатынас орнатуына ерекше назар аударды.

– Әрбір қызметкер антқа адал болып, күнделікті жұмысында заң талаптарын қатаң ұстануы қажет. Тек осылай ғана халықтың сенімін ақтай аламыз, – деді Айдар Сайтбеков.

Сапар соңында Сайтбеков қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан әріптестерінің шаңырақтарына барып, туыстарына алғыс білдіріп, қоғам тыныштығы үшін өмірлерін қиған ержүрек батырлардың есімдері әрқашан халықтың жадында қалатынын атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру